Мас күйдегі 21 жастағы ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып, пышақпен шабуылдаған.
Фото: polisia.kz
ERNUR.KZ. Таразда мас ер адам полиция қызметкерін пышақтап тастады, деп жазады stan.kz.
Оқиға 3 қаңтар күні сағат 05:00 шамасында Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Мас күйдегі 21 жастағы ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып, пышақпен шабуылдаған.
“Осы сәтте мейрамханада күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері дер кезінде араласып, күзетшіні қорғап қалды. Оқиға барысында тәртіп сақшысының оң қолы жарақат алды”, – делінген хабарламада.
Полицей алған жарақатына қарамастан қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданып, бұзақыны тұтқындаған.
Полиция департаменті күдіктіге қатысты “бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.