Таразда "Маугли" отбасы табылды: 40 жастағы ер адамдар мен анасының жағдайы мүшкіл

0
378

Анасының жасы – 78-де. Қазір кейуана ауыр халде болғандықтан 40 жастағы ұлдарын қарауға денсаулығы жарамайды.


Таразда

ERNUR.KZ. Желіде тараздық еріктілердің антисанитариялық жағдайда тұратын "Маугли" отбасын тапқан сәті видео түсіп қалды. Кадрларда анасысымен бірге тұратын ұлдары Иван мен Александрдың психологиялық ауытқулары бар екені байқалады, деп жазады stan.kz.

Анасының жасы – 78-де. Қазір кейуана ауыр халде болғандықтан 40 жастағы ұлдарын қарауға денсаулығы жарамайды. Еріктілердің айтуынша, анасының аясында құрт бар.

"Добрые сердца Тараз" қоғамдық бірлестігі отбасының қазіргі мүшкіл жағдайын бөлісті.

"Ваня әлі күнге дейін атасы оларды психологиялық мекемеге қамап, қалай ұрған кезін ұмытпаған. Бүгін бөлмелерді ашқан сәттегі Сашаның құрғақ вермишель жеп жатқанын көре аласыздар. Сол себепті біз күнде келіп, әрқайсысын жеке-жеке тамақтандырып кетеміз. Ваняға өмірдегі ең маңызды нәрсе – тамақ. Өйткені ол "Маугли" секілді оны жасырып, тығып жейді. Енді біз олардың өмір сүру жағдайын тез арада ретке келтіруіміз қажет. Қарт ананы мұнда әкелуге болмайды", – деп түсіндірді қоғамдық бірлестік.

Бұл отбасы тұратын үй антисанитариялық және қорқынышты жағдайда. Үйдің барлық жері ластанып, сасық иіс басып кеткен. Еріктілер қазір бұл отбасын қайда орналастырарын білмей қиналып отыр. Қоғамдық бірлестіктегілер ауруханада жатқан ананың емделуіне және отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етуге қаражат жинауды бастап кеткен.