«Тарихи фактілер бұрмаланбай жетуі тиіс»: Тоқаев оқулық сапасын сынға алды

0
2 490

Президент Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша тапсырма берді.


«Тарихи фактілер бұрмаланбай жетуі тиіс»: Тоқаев оқулық сапасын сынға алды

ERNUR.KZ. Мектеп оқушылары үшін Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәндері бойынша бірыңғай оқулықтар әзірленеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Мектептегі тарих оқулықтарында бұрмаланған мәтін көп. Мен өзім кейбір оқулықтарды оқып, сапасына таңғалдым. Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға бұрмалаусыз жеткізілуі тиіс. Сол себепті Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулығын әзірлеуді және енгізуді тапсырамын», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Президент мектепке дейінгі 11 мың мекемеде 900 мыңға жуық бала тәлім алып жатқанын атап өтті. Алайда оның ішінде 36 пайызында кәріз жүйесі жоқ, 29 пайызы ыстық сумен және 11 пайызы жылы дәретханамен қамтамасыз етілмеген.