Бастауын Қонаевтан алған спорт бәсекесіне 180 адам қатысты.
ERNUR.KZ. Қонаев қаласында елімізде алғаш рет турникке тартылудан өткен спорт шарасы мәресіне жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Бастауын Қонаевтан алған спорт бәсекесіне 180 адам қатысты.
Қатысушылар жасы мен салмағына қарай 9 санат бойынша турникке тартылудан бақ сынасты.
Жарыс нәтижесінде 27 әуесқой спортшы жеңімпаз атанды. Ал абсолютті жеңімпаз - Рамиль Абзилов. Чемпион тоқтамастан 37 рет турникке тартылды.
Айта кетсек, аталған өңір бойынша жалпы жүлде қоры - 3 400 000 теңге.
Оның ішінде 1 орын үшін 200 мың теңге, екінші орынға 100 мың теңге және 3 орын иесіне 50 мың теңге табысталды.
Негізгі жүлделерден бөлек, 81 жастағы Қонаев қаласының тұрғыны Валерий Юрихин мен 76 жастағы Булар Мирманов турникке тартылудан «Ардагер спортшы» атты арнайы жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ, айтулы сайысқа қатысқан жалғыз қыз Жібек Құлымбетова «Ер мінезді қарындас» номинациясын иеленді. Ал 13 жасар Әнуарбек Әмірхан турникке тартылудан ең жас спортшы атанды.
Қонаев қаласында елімізде тұңғыш турникке тартылудан фестиваль өтті.
Өңірлер бойынша фестивальге қатысуға ниеттілер www.daraqory.kz. сайты арқылы өтініш бере алады.