Қазақстанның Конституциясы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін анықтайды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.
“Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Осы мәртебесі анықталатын болады. Оның маңызы зор, себебі оның сіңірген еңбегін, нақты бар фактілерді бәрі біледі, барлық әлем көріп жатыр. Сол мәртебесі Конституцияда бекітіледі", - деді Әбдірасулов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша конститциялық түзетулермен айналысып жатқан жұмыс тобы осындай шешімге келді.
"Жұмыс тобы сол мәртебесін Конституцияның өзінде анықтау керек деген қорытындыға келді. Осы норманы нақтылайтын басқа заңдарға қарамай, Конституцияның өзінде бекіту керек", - деп атап көрсетті Әбдірасулов.