Тәуелсіздік мерекесінде туған нәрестелердің үйіне Президенттен құттықтау хат пен сыйлық жеткізіледі

0
1 034

«Сүйінші» сыйлық жинтығы тапсырылады.


Тәуелсіздік мерекесінде туған нәрестелердің үйіне Президенттен құттықтау хат пен сыйлық жеткізіледі

ERNUR.KZ. Тәуелсіздік мерекесі күндері дүниеге келген барша нәрестенің ата-аналарына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлық жиынтығы беріледі, деп жазады 24.kz

Бүгін еліміздің өңірлерінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және ана мен баланы қолдау мақсатында биылғы 16-18 желтоқсанда туған балалардың ата-аналарына «Сүйінші» сыйлық жинтығы тапсырылады.

Атап айтқанда, жаңа туған әр нәрестенің үйіне Мемлекет басшысының атынан сыйлық жиынтығымен бірге құттықтау хат та жеткізіледі.

«Бүгін сыйлық жиынтығын алып, таратуды бастаймыз. Бұл ретте осы күндері қалада дүниеге келген 300-ден астам баланың ата-анасына тапсырылады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының қызметшісі Бахтияр Алиакпаров.

Сыйлық жиынтығына: - «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» естелік монетасы; - туу туралы куәлік; - жас ата-анаға қажетті ақпарат жазылған брошюралар; - жаңа туған нәрестеге арналған керек-жарақтар мен гигиеналық құралдар кіреді.