Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды – Тоқаев

0
657

Мемлекет басшысы сол сәттен қазақ елінің жаңа дәуірі – Тәуелсіздік дәуірі басталғанын атап өтті.


Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды – Тоқаев

ERNUR.KZ. Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мүлдем жаңа геосаяси ахуалда мемлекет құру оңай шаруа емес, нағыз көшбасшының ғана қолынан келетін іс. Ең күрделі, бұлыңғыр кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай дара тұлға тарих төріне шықты. Анығын айтқанда, Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды. 1991 жылы 1 желтоқсанда халқымыз оған бірауыздан дауыс беріп, сенім мандатын тапсырды. Ал 16 желтоқсанда Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңға қол қойды. Ақиқатын айтсақ, бұл халқымыздың тарихындағы ең қуанышты әрі бақытты сәт болды», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы сол сәттен қазақ елінің жаңа дәуірі – Тәуелсіздік дәуірі басталғанын атап өтті.

«17 желтоқсанда Елбасы Алматыдағы алаңға келіп, елдің ортасына шықты. Тұңғыш Президент: «Халқымыздың билігі толық өз қолына тиді. Азат күн туды» деп халықтан сүйінші сұрады. Оның тебіреніске толы сол сөзі жұрттың жадында жатталып қалды. Тіпті кейбір адамдар Тәуелсіздіктің құндылығын жете түсінбеуі мүмкін. Ал аға буын оның қандай қиындықпен келгенін жақсы біледі. Тарихи күндердің әрбір минутын тек Елбасы ғана сезініп, басынан өткерген деп айтсақ артық емес», - деді Мемлекет басшысы.