Телефонға ақша салып, жарты миллион айыппұл төлейтін болды

0
1 893

Азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды


Телефонға ақша салып, жарты миллион айыппұл төлейтін болды

ERNUR.KZ. 1000 тг пара берген өскемендік жарты миллион айыппұл төлейтін болды, деп жазады altaynews.kz.

Осыған байланысты қалалық арнайы мамандандырылған әкімшілік сотында іс қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарыс күрес қызметі оқиғаның 26 маусымда болғанын айтады. Пробациялық бақылауда болған қала тұрғыны қараптан-қарап пробация қызметі инспекторының телефонына 1000 теңге салған. Ал инспектор бұл жағдайдан тіпті бейхабар болған көрінеді.

Азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тамыз айында арнайы мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен қала тұрғыны 481 000 теңге айыпқа тартылды, – деп ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарыс күрес және мемлекеттік қызмет бойынша агенттік департаментінің баспасөз қызметі.