Теміртауда 12 жастағы қыз бала төртінші қабаттан құлап кетті

0
775

Оқыс оқиға өткен түнде болды.


Теміртауда 12 жастағы қыз бала төртінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Теміртауда 12 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға өткен түнде болған. Жарақат алған қыз бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы белгісіз, әзірге хабарланған жоқ.

Айта кетейік, жуырда Рудныйда терезеден құлап кеткен баланың анасына айыппұл салынған болатын.