​КӘСІБИ БАҒДАР – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

0
189

Шастардың өз қабілеті мен қызығушылығын ерте бастан анықтап, жеке мақсаттарын айқындауы, қажетті дағдыларды меңгеруі және еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуі туралы кеңестер айтылды.


​КӘСІБИ БАҒДАР – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кәсіби бағдар беру және еңбек нарығына бейімдеу» жобасы аясында танымдық кездесулер жалғасуда.

6 қазан күні қаламыздағы №36, №40, №112 және №24 жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесулер өтті.
Кездесуде спикер Ақан Бесбаев оқушыларға заманауи еңбек нарығының талаптары, сұранысқа ие мамандықтар және болашақ кәсіби бағытты дұрыс таңдаудың маңызы жөнінде ақпарат берді.
Сондай-ақ жастардың өз қабілеті мен қызығушылығын ерте бастан анықтап, жеке мақсаттарын айқындауы, қажетті дағдыларды меңгеруі және еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуі туралы кеңестер айтылды.
Кездесулер барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы ақпарат алды.
Бөлісу