Теміртауда ер адам автобуста 18 жастағы жігіттің аяғына пышақ сұғып алған

0
83

Қоғамдық көліктегі қанды жанжал туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.


Теміртауда ер адам автобуста 18 жастағы жігіттің аяғына пышақ сұғып алған

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ERNUR.KZ. Теміртауда ер адам автобуста 18 жастағы жігіттің аяғына пышақ сұғып алды, деп жазады tengrinews.kz.

Қоғамдық көліктегі қанды жанжал туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер оқиға орнынан кадрларды жариялаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бәрі жанжалдан басталған: екі жолаушы автобустағы терезе желдеткішін ашуға байланысты сөзге келген. Дау төбелеске ұласқан. Куәгерлер полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Оқиға орнына келген полиция жасағы 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер Теміртаудың 18 жастағы тұрғынының аяғына пышақ сұғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазір болған оқиғаны объектив және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қатаң түрде тоқтатылатын болады. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады", — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, бұл істің тергеуі полиция департаментінің бақылауында.

Бұған дейін Астанада автобуста жолаушылар арасындағы сөз жүзіндегі жанжал төбелеске ұласқаны хабарланған еді. Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарады.