Қайғылы оқиға 17 қаңтарда көпқабатты үйде болған.
ERNUR.KZ. Теміртауда көпқабатты тұрғын үйде болған өрт орнынан ер адамның денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«17 қаңтарда Теміртауда Уәлиханов көшесіндегі бес қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт орнынан пәтер иесінің, 1956 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», - делінген хабарламада.
Өрт туралы хабарлама «112» пультіне сағат 18.18-де түскен. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 24 минуттан соң – 18.42-де өрт сөндірілді.
«Пәтерде жалпы алаңы 5 шаршы метрді құрайтын үй заттары, тұрмыстық техника мен жиһаз өртенді», - деп хабарлады ТЖД.
ТЖД күштері пәтер кіреберістерінен баспалдақ арқылы төрт адамды құтқарып, екі адамды эвакуациялады.
«Өрттің алдын ала себебі – ашық өрт көзі – пәтерде темекі шегу», - делінген хабарламада.