Теңгені долларға айырбастағандар ұтылып қалды – қаржы министрі

0
636

​Министр доллар 500 теңгеден асқан кезде шетелдік валюта сатып алғандар ұтылып қалғанын айтты.


Теңгені долларға айырбастағандар ұтылып қалды – қаржы министрі

ERNUR.KZ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев теңге күрт құлдыраған кезде доллар сатып алған қазақстандықтарды ұтылып қалғандар деді, деп жазады sputnik.kz.

Үкімет кулуарында журналистер нақтыланған бюджетте доллар бағамының 460 теңге болып бекітілуі ұлттық валютаның әлсіреуін мойындау емес пе деп сұрады.
"Біз бюджетке болжамды бағам емес, есептік бағамды енгіземіз. Валюта ағынын, индексацияны, бағам айырмасын бәрібір де есептеу керек. Сол себепті біз бір долларды 460 теңге деп алдық. Мен бұл жерде әлдекім жеңілісті мойындады немесе қандай бір "катастрофа" болды деп ойламаймын", - деп жауап берді Жамаубаев.
Министр доллар 500 теңгеден асқан кезде шетелдік валюта сатып алғандар қазір ұтылып қалғанын айтты.
"Валюта бір долларға 500 теңгеге дейін шарықтағаны естеріңізде шығар. Ешқандай "катастрофа" болған жоқ қой, керісінше, теңге өз бағамын қайтарды. Сол кезде валюта бағамына алданып, доллар сатып алғандар ұтылып қалды. Мен кешірім сұраймын, әрине, бірақ қазір олар ұтылғандар, ал бәрі тынышталғанын күтіп, әліптің артын баққандар, керісінше, ұтқандар", - деді ол.