Tengri Bank-тен 5,4 миллиард теңге ұрланды

0
482

Күдіктілердің қатарында Tengri Bank АҚ-ның бұрынғы топ-менеджерлері бар.


Tengri Bank-тен 5,4 миллиард теңге ұрланды

ERNUR.KZ. Tengri Bank-тің экс-менеджерлері 5,4 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz.

Іске қатысты ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктілердің қатарында Tengri Bank АҚ-ның бұрынғы топ-менеджерлері бар.


"9 қарашада Алматының тергеу соты Б.А. Ілиясовқа, Ә.У. Жадықовқа, Н. М. Жылқыбаеваға қатысты екі айға дейінгі мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмеген", - делінген хабарламада.


Бұған дейін Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталғаны жайлы хабарланған еді.