Апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының экипаж мүшелері мен жолаушыларының есімдері белгілі болды.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлаған МИ-8 тікұшағының экипаж мүшелерінің есімдері жарияланды. Әскери көлік Ақтау гарнизонының №30153 авиациялық бөлімшесіне тиесілі болатын, деп жазады sputniknews.kz.
Басылым мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандар –
Роман Костыгов - майор 26.04.1985
Тимур Құдайбердиев - майор 17.09.1985
Аслан Айтбаев - лейтенант 10.11.1994
Данияр Қоңырбай - майор 10.11.1985
Сабыр Тоқбаев - майор 15.12.1977
Сырым Мәсәлім - капитан 11.12. 1989
Қайрат Нұрсапанов - 3-сыныпты сержант 08.10.1973
Мұрат Шәріпов - аға сержант 04.01.1979
Асхат Абдулманат - кіші сержант 21.09.1982
Айдын Әбділдинов - ефрейтор 11.12.1978
Қуаныш Сартықбаев - ефрейтор 08.09.1986
Өмірхан Каукаев - ефрейтор 21.08.1990
Мирас Жұматаев - ефрейтор 10.02.1991
Басылым мәліметіне сүйенсек, тікұшақ Ақтаудан жергілікті уақыт бойынша 09.03-те ұшып шығып, Бейнеуге барған, сол жерден 12.36-да Крайний әуежайына аттанады. Ал 17.50-де МИ-8 Шымкентке бағыт алған, 18.30-да Жалағаш елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай он бес километр жерде тікұшақпен байланыс үзілді.
20:00 кезінде оқиға орнына тікұшақ ұшып келді, жақын жердегі 56597 әскери бөлімшеден 30 адам аттанды, деп хабарлайды басылым авиациялық әскери бөлімшеге сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 27 наурызда "Алтын жебе" атты арнаулы бөлімдердің оқу-жаттығуы аясында Ақтаудан Шымкентке аттанған тікұшақ Қызылорда облысында кеш құрым, ауа райы қолайсыз шақта апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғаны тергеуді қорғаныс және ішкі істер министрліктері қолға алды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.