Тимур Бекмамбетовтың фильмі мен Сильвестр Сталлоненің қызы Голливудтағы "ең нашарлар" тізіміне енді

0
135

"Ең нашар актриса" атағы Ребел Уилсонға берілді.


Тимур Бекмамбетовтың фильмі мен Сильвестр Сталлоненің қызы Голливудтағы

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Продюсер Тимур Бекмамбетов түсірген "Война миров" фильмі мен Скарлет Роуз Сталлоне "Золотая малина-2026" антисыйлығының лауреаттары атанды, деп жазады zakon.kz.

Дәстүр бойынша, Оскар сыйлығын табыстау рәсімінің алдында Голливудтағы ең сәтсіз жұмыстарды атап өтетін "Золотая малина" антисыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Солардың қатарында Тимур Бекмамбетов продюсерлік еткен "Война миров" фильмі де бар.

Бұл картина бірден бес номинация бойынша "жеңімпаз" атанды:

  • "Ең нашар фильм"
  • "Ең нашар режиссер"
  • "Ең нашар актер" – Айс Кьюб
  • "Ең нашар сценарий"
  • "Ең нашар приквел, ремейк немесе рип-офф"

Ал "Ең нашар актриса" атағы Ребел Уилсонға берілді. Сильвестр Сталлоненың қызы Скарлет Роуз Сталлоне "Стрелки" фильміндегі рөлі үшін "Ең нашар екінші пландағы актриса" деп танылды.

Сондай-ақ "Белоснежка" фильміндегі компьютерлік гномдар "Ең нашар екінші пландағы актерлер" атанды.