Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

0
381

2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаевтың меншігіне өткен екен.


Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 миллион доллар (29,5 миллиард теңге), ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады stan.kz.

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі компания шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қойған. Сол залалды өтеу қажет болды.

2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаевтың меншігіне өткен екен.

26 ақпанда Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.