Коммуналдық қызметке қарыз болғандар несие ала алмайды

0
2 113

«Аталған келісімшарт бойынша ПИК борышкерлері туралы мәлімет несие базасында сақталатын болды. Болашақта қарызын өтемегендер ешбір банктен несие ала алмайды. Бүгінде басқарма сайтында 100 борышкер туралы ақпарат орналастырылған. Тұрғын үй басқармасынан алынған ақпарат бойынша, борышкерлермен жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.


Коммуналдық қызметке қарыз болғандар несие ала алмайды

Алматылықтар коммуналдық қызметтерге төлем жасамаса бұдан былай несие ала алмайды. Оңтүстік астананың тұрғын үй басқармасы мен Бірінші несие бюросы меморандумға қол қойды, - деп жазады matritca.kz.

«Аталған келісімшарт бойынша пәтер иелерінің кооперативіне қарыз болғандар туралы мәлімет орталық базаға тасталатын болады. Банктер тұрғындарға несие берудің алдында сол ақпаратмен танысады. Қарызын өтемегендер ешбір банктен несие ала алмайды. Бүгінде басқарма сайтында 100 борышкер туралы ақпарат орналастырылған. Тұрғын үй басқармасынан алынған ақпарат бойынша, борышкерлермен жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Ал борышкерлердің тізімі ай сайын жаңартылып отырады», - дейді бюро басшысы Әсем Нұрғалиева.