Тоқаев әкесімен аттас астаналық оқушыға сыйлық жасады

0
2 972

​"Арманым орындалды".


Тоқаев әкесімен аттас астаналық оқушыға сыйлық жасады

ERNUR.KZ. Астаналық Кемел Жүсіпов есімді оқушыға Қасым-Жомарт Тоқаев қолтаңбасы мен тілегі жазып, кітап сыйға тартты, деп жазады Stan.kz.


Бұл туралы Кемел Жүсіпов Instagram парақшасында айтты. Бала өз туған күнінде Президентке хат жазған көрінеді.


"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым сіздің әкеңіздің атындай - Кемел. Бүгін менің туған күнім және осыдан тура 12 жыл бұрын ата-анам маған осы есімді қойған. Мен Астанада тұрамын. Қазақстан тарихын, дүниежүзі тарихын және географияны жақсы көріп, оқимын. Әртүрлі елдің банкноттары мен тиындарын жинағанды ұнатамын. Саяхаттауды жақсы көремін, бүгінде әлемнің төрт елінде болдым.


Мен бүкіл әлемді аралауды армандаймын. Менің әрбір сапарым жаңа таныстыққа толы. Сізді көріп, сөйлесіп, қолтаңбаңызбен "Әке туралы ой-толғауыңызды" сыйлық ретінде алуды армандаймын. Сіз менің хатымды оқиды және арманым орындалады деп сенемін", – деп жазды жасөспірім.

Баланың айтуынша, 21 желтоқсанда оның арманы орындалған. Ол анасымен бірге президент әкімшілігіне шақырылып, сыйлыққа кітап алды.


"Кемел Жүсіповке өмірде ақ жол тілейміз! Азамат бол!", - деп жазған мемлекет басшысы.


Бала сыйлық үшін ел президентіне алғысын білдірді.

"Президент менің хатымды оқыды. Маған сыйлық ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолтаңбасы мен тілегі жазылған кітап берді. Менің арманым орындалды, мен оған әлі де сенбеймін. Сізге көп рақмет", - деп ризашылығын білдірді бала.