Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

0
241


Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

ERNUR.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Ақорда.

"Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Жаңа Орлеан қаласында жүк көлігі бір топ адамды қасақана басып өтті. 15 адам қаза тауып, тағы 35 адам жарақат алды. Күдіктіні полиция атып өлтірді.