Тоқаев: Ақылы жолдарды енгізу – дұрыс шешім

0
511

Президент ақылы жолға қатысты жүк көліктері иелерінің тарапынан туындаған наразылық туралы да ойын айтты.


Тоқаев: Ақылы жолдарды енгізу – дұрыс шешім

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақылы жолдардың желісін кеңейту туралы пікір бідірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Автомобиль жолдарының сапасы елдің көлік әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқарады. Бұл ретте, жолдарды жөндеу сапасы бұрынғысынша әділ сынға ұшырап жатыр. Бұл әсіресе ақылы жолдарға қатысты өзекті мәселе», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент осы мәселеге қатысты жүк көліктері иелерінің тарапынан туындаған наразылық туралы да ойын айтты.

«Бұған жақында болған жүк көліктері мен тасымалдаушылардың наразылығы дәлел. Ақылы жолдарды енгізу – бұл бүкіләлемдік тәжірибеге сәйкес келетін дұрыс шешім. Мұндай үлкен елде тек бюджет есебінен ғана жол салу мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстан транзиттен ақша табуға тиіс. Бірақ бұл үшін мұндай жолдардың сапасы жоғары боулы және жол бойындағы мінсіз қызметті қамтамасыз ету маңызды. Бизнес пен азаматтар жол инфрақұрылымының жаңа сапасын сезінуі керек. Үкіметтен бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды сұраймын», - деді Мемлекет басшысы.