Ақынның ұлы дүниеден өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын, мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлының дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
"Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз.Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін!", - делінген жеделхатта.