Мемлекет басшысын Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен келді.
"Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды", - делінген хабарламада.
Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
