Тоқаев #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады

0
1 178

20 шілдеде Қазақстанда #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы басталды.


Тоқаев #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында эко-челлендж қозғалысын толық қолайтынын жазды, - деп жазады Тengrinews.kz.

"Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #Birge #TazaQazaqstan", - деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 20 шілдеде Қазақстанда #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы басталды. Сол кезде Нұр-Сұлтандағы Қоянды су қоймасының аумағын тазалауға Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, вице-премьер Жеңіс Қасымбек, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Әділет министрі Марат Бекетаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ Нұр-сұлтан Алтай Көлгінов, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, қоғамдық ұйымдар мен экологиялық қауымдастықтардың өкілдері, еріктілер, жастар, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын азаматтар. Акция көлемі 26 шаршы шақырымнан аса аумақты қамтып, 10 тоннадан аса қоқыс жиналды.