Тоқаев Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
1 128

Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің байланысы болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, деп жазды президент.


Тоқаев Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президенті Румен Радевті ұлттық мереке – Азат ету күнімен құттықтады, деп жазады sputnik.kz.


"Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Болгария президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.