Қазақстан президенті аутрич форматындағы саммиттің қорытынды отырысына барды.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев "БРИКС плюс" саммитінің кездесуіне барды. Форум басталмас бұрын мемлекет басшылары бейресми режимде суретке түсті, деп жазады sputnik.kz.
"БРИКС плюс" форматындағы БРИКС саммитінің отырысына 40-қа жуық мемлекеттің өкілі, оның ішінде ТМД мемлекеттерінің, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің басшылары, сондай-ақ көпжақты ұйымдардың басшылары шақырылды.
Қазандағы БРИКС саммиті 22-24 қазан аралығында өтіп жатыр.