Астанада жаңа әуежай салынатын орын таңдалды

0
84

Тоқаев Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтады.


Астанада жаңа әуежай салынатын орын таңдалды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Астанада екінші әуежай салынуы мүмкін орын анықталды. Астана мәслихатының депутаттары қаланың бас жоспарына енгізілген өзгерістерді бекітіп, жаңа әуежай құрылысына ең қолайлы деп саналатын аумақты белгіледі, деп жазады Stan.kz.

Бас жоспарға енгізілген түзетулерде Астанаға болашақта қалаға келетін туристер саны арта түсетініне байланысты екінші әуежай қажет болатыны айтылған. Сарапшылар ұшақтардың қозғалысына кедергі келтірмейтін, әрі жету ыңғайлы болатын аумақтарды іздестірген.

Нәтижесінде ең қолайлы нұсқа ретінде елордадан солтүстік-батыс бағытта орналасқан, Шортанды ауылы бағытында, Астана–Көкшетау тасжолының бойындағы аумақ таңдалды.

Ұсынылып отырған аумақ Астана қаласының шекарасынан шамамен 48 шақырым, ал "Нұрлы жол" вокзалынан 73 шақырым қашықтықта орналасқан. Жолға жұмсалатын уақыт пен күту уақытын ескере отырып, сапарға орта есеппен екіден екі жарым сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін деп жоспарлануда.

"Өңірде жаңа әуежай салу туралы шешім мұқият ойластырылған және экономикалық тұрғыдан негізделген бағалауға сүйене отырып, өңірлік экономика, демография және сыртқы факторлар ескеріле отырып қабылдануы тиіс. Екінші нысанның құрылысы туралы шешім ұзақ мерзімді перспективаға негізделеді. Қала құрылысы құжаттамасының міндеті – осы функция үшін аумақтық ресурстарды ұзақ мерзімге резервтеу", – делінген құжатта.

Отырыс соңында депутаттар қаланың бас жоспарына түзетулер енгізуді қолдап дауыс берді.