Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдады

0
176

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.


 Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.