Тоқаев Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллермен кездесті

0
848

Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде мойындайды.


Тоқаев Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллермен кездесті

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды.

Сирил Мюллер Қасым-Жомарт Тоқаевқа әртүрлі сектордағы ынтымақтастықтың қорытындылары, соның ішінде, ауыл шаруашылығы, жаңа технология және жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде мойындайды және осы бағытта елімізге одан әрі жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ, өңірлік кооперацияның дамуына септігін тигізуге ниетті.