Тоқаев: Ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салу керек

0
481

Мемлекет басшысының сөзінше, спорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі.


Тоқаев: Ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салу керек

Атырау облысының жұртшылығымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі мен алкоголь мәселесіне тоқталып, елде спорт нысандарын көбейту керегін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының сөзінше, спорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі.

“Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек.Жалпы, көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамытқан жөн. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес, тағы басқа”, – дейді ол.

Тоқаевтың айтуынша, бұл қадам балаларды теріс әдеттен алыстатып, спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

“Тағы бір айтайын дегенім, ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет. Бұл Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе". – деп қосты мемлекет басшысы.