Тоқаев: Қазақстан жаһандық цифрлық технология орталығы болуы керек

0
497

Мемлекет басшысы елімізде IT саласын дамыту қажеттігіне ерекше назар аударды.


Тоқаев: Қазақстан жаһандық цифрлық технология орталығы болуы керек

ERNUR.KZ. 12 желтоқсанда "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы цифрлық технологиялардың даму барысы туралы сөз қозғады, деп жазады zakon.kz.

Мемлекет басшысы елімізде IT саласын дамыту қажеттігіне ерекше назар аударды.

"Еліміз жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайтуы керек. Қазақстан ірі халықаралық IT компаниялардың кеңселері орналасатын аумақ бола алады және болуға тиіс. Мұның бәрі – біздің жұмысымыздың міндеттері мен нақты нәтижелерінің аз ғана бөлігі. Барлық саладағы өзгерістердің қарқынын арттырып, одан әрі дамыта беруге міндеттіміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент түрлі салада қордаланған проблемалар аз емес екенін атап өтті. Алайда үкіметтің күн сайынғы және жүйелі жұмыстарының нәтижесінде барлық өзекті мәселе біртіндеп шешіліп келеді.

"Дегенмен еліміздің даму жолында қуатты серпіліс жасау үшін күнделікті мәселелерді шешіп қана қоймай, мемлекетіміздің болашағына қатысты өзіндік ұстанымымызды анықтау, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, жекелеген және ұжымдық құндылықтар жүйесін жетілдіру маңызды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған қоса президент сапалы жол дегеніміз – ел экономикасының күретамыры екенін айтып, осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.