Тоқаев Назарбаеваны сенат спикері етіп қайта сайлауды ұсынды

0
1 698

Жасырын дауыс беру кезінде 48 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады.


Тоқаев Назарбаеваны сенат спикері етіп қайта сайлауды ұсынды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасы лауазымына Дариға Назарбаеваны қайта сайлауды ұсынды. Бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"ҚР Парламенті сенатының төрағасын сайлау туралы ҚР Конституциясының 58-бабының 1-тармағына сәйкес, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны парламент сенатының төрағасы қызметіне сайлауды ұсынамын", - деп оқыды Көшербаев Тоқаевтың атынан.

Депутаттар жасырын дауыс беруге көшті. 10 минуттық үзілістен кейін Назарбаева сенат төрағасы болып қайта сайланды.

"Жасырын дауыс беру бюллетеніне Дариға Назарбаеваның кандидатурасы енгізілген. Дауыс беру үшін 48 бюллетень берілді. Жәшікті ашқан кезде 48 бюллетень алынды. Жарамсыз бюллетень жоқ. Жақтағандар – 48, қарсы болғандар және қалыс қалғандар жоқ", - деді санақ комиссиясының төрағасы Әлімжан Құртаев.

Айта кетсек, 12 тамызда Дариға Назарбаева сенат депутаты болып қайта тағайындалған еді.