Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ тағы бір телеарна ашуды ұсынды

0
1 573

Бүгін мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірнеше ұсыныс жасады.


Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ тағы бір телеарна ашуды ұсынды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ телеарнаны ашуды ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірнеше ұсыныс жасады. Соның бірі – телеарны мен сайт ашу.
"Ақпараттық кеңістіктегі ынтымақтастықты жандандырудың перспективасы зор. Жоғары сапалы ортақ медиажобаларды жүзеге асыру, соның ішінде жалпыөңірлік телеарна, жаңалықтар сайтын құру ісіне кірісуді ұсынамын. Бұл міндеттердің орындалуы Орталық Азия елдерінің салалық ведомстволары және ақпарат агенттіктері арасындағы тұрақты диалогқа септігін тигізеді Менің айтқан ұсыныстарым мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынасты жаңа сапалы деңгейге көтеру ниетінен туындап отыр", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін ерекше атап өтті.

"Құрметті әріптестер, Сіздерді Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Қазақстанда өтетін 6-шы Консультативтік кездесуіне шақырамын. Алдағы міндеттердің табысты жүзеге асырылуы достықты, тату көршілік қарым-қатынасты және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп атап көрсетті Тоқаев.