Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады

0
673

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді.


Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Президент Владимир Путиннің тапсырмасымен келген Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияға, соның ішінде, жуырда өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына ерекше көңіл бөлінді.


Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді. Екі ел Президенттері Әкімшіліктерінің арасында өзара іс-қимылдарды және байланыстарды дамыту жөнінде келісім жасалды.