Сондай-ақ наградалар тізімі "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағымен толықты.
ERNUR.KZ. Елімізде наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағы пайда болады, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.
Оның айтуынша, мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.
"Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады", - деп жазды Смадияров.
Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.


