Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды
Қазақстан Республикасы Президенті ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке университет ректорларын тағайындау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы мемлекер басшысы өзінің твиттердегі парақшасында мәлім етті.
"ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке Ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды", - деп жазылған Президент парақшасында.