«Томирис» кинотуындысы халықаралық көрсетілімге шығады.
«Томирис» фильмі Еуропаның бірнеше мемлекетінде көрсетілетін болды. Бұл туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Құрметті достар! Қуанышты жаңалық. Канн онлайн-кинонарығы аясында біздің Arclight Films сату-агентіміз «Томирис» кинотуындысын халықаралық көрсетілімге шығару туралы сәтті мәміле жасағанын хабардар етті. «Томирис» фильмі: Франция (дистрибьюторы: SND Films), Италия (Blue Swan), Испания (Art Mood), Ресей (Paradise), Румыния (Program 4 Media), Түркия (Siyah Bayez Movies), Жапония (AT Entertainment), Таяу Шығыс (Gulf Film), Оңтүстік Корея (Challan), Сингапур (Shaw) елдерінде көрсетілімге шығады. Бұл - біздің фильміміздің халықаралық тарихының бастамасы ғана деп сенеміз» - деп жазды Ақан Сатаев өз парақшасында.