«Томирис» фильмі әлемдік нарықта сатылымға шығарылады

0
1 130

ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Томирис» фильмінің прокаты 480 млн теңге жинағанын мәлімдеген.


«Томирис» фильмі әлемдік нарықта сатылымға шығарылады

ERNUR.KZ. Бұл фильмнің сатылымға шығатыны жайлы режиссер Ақан Сатаевтың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Томирис» фильмін дүние жүзіне сату мақсатында американдық «ArcLight Films» компаниясымен келісімге келдік, – деп жазды А.Сатаев өзінің Facebook парақшасында.

Бұған дейін ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Томирис» фильмінің прокаты 480 млн теңге жинағанын мәлімдеген.

Ал фильмдегі тарихи деректер көптеген пікірталасқа негіз болды. Тіпті Кирдің басын кім алды деген сұраққа жауап іздегендер көп болды.

Отандық туындының қазақ тіліндегі нұсқасы кинотеатрлардан қазан айының басында көрсетіле бастады.

Тарихи картина Томиристің бес жасында әке-шешесінің жау қолынан қаза тауып, жырақта өсуімен басталады. Ержүрек болып бойжеткен Сақ патшайымы парсы әскері II Кирмен қалай шайқасқаны көрсетілген. Ақан Сатаев шынайылығына ерекше мән берілгенін алға тартты.

Фильмді жарыққа шығару үшін шығармашылық топ екі жарым жыл тер төккен.

Фильмге Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Димаш Ахимов, Мұрат Бисенбин, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Айжан Лайджи, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Асхат Үрпеков секілді танымал актерлер түскен. Ал басты рөлді Альмира Тұрсын сомдаған.