Кино жаңалықтары туралы ақпарат тарататын танымал сайт ағылшын тілді көрермендерге фильмді көруге кеңес береді.
«Томирис» фильмінің АҚШ аумағында дистрибуция құқығын сатып алған Well Go USA компаниясы тарихи туындының американдық трейлерін өзінің YouTube-арнасына жүктеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақфильмнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино жаңалықтары туралы ақпарат тарататын танымал www.firstshowing.net сайтында жарияланған рецензияда мақала авторы экшн көріністерге, оқиға желісінің түпнұсқалығы мен басты кейіпкердің шынайылығы мен сомдаған рөліне таңданысын айтып, ағылшын тілді көрермендерге фильмді көруге кеңес береді.
Еске салсақ, кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.
Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.