Төрт жыл бойы күйеуінен зәбір көрген: Үндістанда үш баласымен қалған қарағандылық әйел елге орала алмай жүр

0
1 066

Айтуынша, отауласқанға дейін ер адам оғаш қылық көрсетпеген.


Төрт жыл бойы күйеуінен зәбір көрген: Үндістанда үш баласымен қалған қарағандылық әйел елге орала алмай жүр

ERNUR.KZ. Үндістанда үш баласымен қалып қойған қарағандылық әйел елге оралу үшін көмек сұрайды, деп жазады Stan.kz.

Мұны “Немолчи.kz” қорының басшысы Дина Тәңсәрі мәлімдеді. Айтуынша, Калькуттада төрт жыл бойы күйеуінен зәбір көрген елге орала алмай жүр. Себебі үлкен қызының визалық режимі бұзылған, ал кішілері виза алмаған.

Балаларының үлкені – он жаста, одан кейінгілері үш жарым және бір жаста екен.

“Оның жұбайы төрт жылдан бері әйелге қысым көрсетіп, ұрып-соғып, қылқындырады. Өзі ішімдік ішіп, отбасына қолғабыс етпеді әрі тамақ ішуге шектеу қояды. Оларды ешқайда шығармайды, тіпті үлкен қызының білім алуына мүмкіндік бермей, оған да шабуыл жасайды. Қоқан-лоқы көрсетіп, әйелдің тапқан-жиғанын тартып алған”, – деп жазды Дина Таңсәрі.

Айтуынша, отауласқанға дейін ер адам оғаш қылық көрсетпеген.

"Мен бұл елде өлгім келмейді, балаларымның жақсы өмір сүргенін қалаймын! Ал олар күйеуімнің маған тап беретінін, тамақ пен заттарды лақтыратынын көруге мәжбүр!", – деді зәбір көрген әйел.

Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайда түсініктеме берді.

"Консул отандасымызбен байланыста. Оған көмек көрсетіледі. Оған да, оның балаларына да Қазақстанға оралуға көмектесеміз", – деп мәлімдеді министрлік.