Туған елге саяхат

0
1 777

Қырғызстан, Ресей және Беларусия сияқты елдерден келген қазақ диаспора өкілдерінің балалары 5 ірі қаланы аралап, әр қаланың тарихын тереңірек танып, жан-жақтан келген балалармен танысты.


Туған елге саяхат

ERNUR.KZ. Бүгін астаналық вокзалға «Туған елге саяхат» Балалар туристік пойызы» жобасының пойызы келді. Нұр-Сұлтан қаласында балаларды турдың салтанатты жабылу рәсімі болды. Онда жобаның ең белсенді, талантты қатысушыларын сертификаттармен марапаттап, флешмоб көрсетілді, деп жазады Aikyn.kz.

Осы жолғы сапардың өзіндік ерекшелігі бар, себебі мұнда Қырғызстан, Ресей және Беларусия сияқты елдерден келген қазақ диаспора өкілдерінің балалары қатысты. 9 күннің ішінде балалар 5 ірі қаланы аралап, әр қаланың тарихын тереңірек танып, жан-жақтан келген балалармен танысты. Сонымен қатар қалалар арасындағы сапарда балалар түрлі үйірмелер мен мастер-класстарға қатысып, уақытын қызықты өткізді.

Шараның соңында тәрбиешілер мен балалар өздерінің дайындаған өнерін көрсетіп, флешмоб ұйымдастырады, би билеп, ән шырқалды. Әр қатысушы бұл сапардан алған әсерімен бөлісіп, бұл экскурсиялық турдан жаңа не біліп, үйренгенімен бөлісті. Концерттен соң ұйымдастырушылар балаларға естелік сыйлықтарын табыстады.

Биылғы маусымның соңғы сапары 1 тамызға жоспарланған, бұл – үшінші кезең. Бұған еліміздің 200-дей баласы еліміздің тарихи ескерткіштерін аралап, қалалар бойынша қызықты экскурсияларға қатысып, «релстегі жылжымалы лагерде» өз қатарластарымен ұмытылмас тоғыз күнді бірге өткізе алады.

Естеріңізге салсақ, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Соған орай «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы» жобасының алғашқы маусымы басталған. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асуда. Негізгі мақсаты – балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған. Пойыз бағдарына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш сияқты қалаларға кіреді. Жалпы, биылғы маусымның жоба қатысушылары 600 баланы құрайды: «Самұрық-Қазына» АҚ шалғай өңірлерде орналасқан, көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан, оқу үлгерімі жақсы өндірістік кәсіпорындары мен зауыт жұмысшыларының 500 баласы, «Отандастар қоры» КеАҚ-мен серіктестік негізінде шет мемлекеттерден келген қазақ диаспорасының өкілдерінен 50 бала және шығармашылық байқау қорытындысымен Қазақстан бойынша анықталған 50 жеңімпаз бар.