Биылғы жылы мемлекеттің ең жоғары сыйлықақысы 96 200 теңгені құрайды (20%-ы 481 000 тг).
ERNUR.KZ. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдың ақпан айында салымның 20% көлемінде мемлекет тарапынан сыйлықақы түсетіндігін айтты, деп жазады Елорда Инфо.
«Жылдың басында ең жиі қойылатын «Мемлекет сыйлықақысы қашан түседі?» деген сұраққа жауап берейік. Осы жылы мемлекет сыйлықақысы салымшылар депозитіне ақпан айының алғашқы жартысында аударыла бастайды. Шыдамдылық танытуды өтінеміз, қойған мақсатқа жету үшін алған беттеріңізден таймаңыздар, ал біз сіздерге көмектесеміз», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, сыйлықақы салымның ең жоғарғы сомасына 200 АЕК (481 000 тг) мөлшерінде есептеледі. Биылғы жылы мемлекеттің ең жоғары сыйлықақысы 96 200 теңгені құрайды (20%-ы 481 000 тг).
Егер салымшы үш жыл ішінде депозитті келісімшартта көрсетіліп, ұсынылған сомамен уақтылы толықтырса оған «16»-ға тең ең төменгі бағалау көрсеткіші беріледі.
Айта кету керек, бұл ең төменгі бағалау көрсеткішіне жету 5% жылдық тұрғын үй заемын алудың үш шарттарының бірі болып табылады.
Банк бағалау көрсеткішін арттырып, қарыз бойынша мөлшерлемені төмендетуге кеңес береді.
Депозитке мерзімінен бұрын жарна жасаңыз. Егер салымшы салымды уақытында толықтырып, депозитін мерзімінен бұрын толықтырып, жоғарылатса бағалау көрсеткішінің мәні төмендейді.
Жинақтаудың бастапқы кезеңінде үлкен соманы енгізіңіз. Егер салымшы жинақтаудың бастапқы кезеңінде депозитті тұрғын үй құрылыс жинақтары шартында көрсетілгеннен артық сомаға толықтырса, бағалау көрсеткішінің мәні артады.
3 жылдан артық жинаңыз. Егер сіз сол депозитке 3 жылдан астам уақыт бойы жинауды жалғастырсаңыз, бағалау көрсеткішінің мәні өсе береді.