Тұздыбастау ауылдық округі әкімі ауыл тұрғынына қарсы күш қолданып, Әдеп кодексін бұзған деп айыпталып отыр.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының әкімі тұрғынға қол жұмсады деп айыпталып отыр. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Тұздыбастау ауылдық округі әкімі ауыл тұрғынына қарсы күш қолданып, Әдеп кодексін бұзған деп айыпталып отыр.
"Тұрғындардың бірі бекітілген ауылдық округтің бас жоспарына қатысты наразылығын білдірген. Оның жер учаскесі қызыл сызықпен өтетіні белгілі болған. Осыған байланысты тұрғын мен ауылдық округ әкімінің арасында жанжал болған", - дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ауылдық округ әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен полиция басқармасы тарапынан қызметтік тергеу жүріп жатыр.
"Әкімнің кінәсі расталған жағдайда оның жауапкершілігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғарыда аталған тұрғын 23 шілдеде аудан әкімі аппараты басшысына қабылдауына барады", - дейді Алматы облысының әкімдігі.