ТҮРКІСТАН: Келер жылы бірнеше аумақ сапалы электр қуатымен қамтылады

0
1 416

Республикалық бюджеттен сапалы электр қуатымен қамту жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Келер жылы бірнеше аумақ сапалы электр қуатымен қамтылады

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мерлан Керімжанов алдын-ала кезекке жазылған 10-ға жуық тұрғынды жеке мәселесі бойынша қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Самал" аумағында тұратын азамат жолдасына жұмыс сұрай келген. Мерлан Абдрахманұлы "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің" басшысы Нұрлан Бектұрсыновқа "Жасыл Түркістан" мекемесінен жұмыс қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, электр қуатының төмендігі бойынша Яссы, Шавгар және ХҚТУ тұрғын үй массиві аумағы республикалық бюджеттен келер жылы сапалы электр қуатымен қамтылатынын айтып өтті.
Одан өзге, жер аумағының Заңдылығын тексеру бойынша арыз берген жағдайда тексеріс жүргізіліп, құзырлы органға тапсырылып, шешімі жолданатыны айтылды.
Ал, 1 мөлтек ауданның №14 үйдегі жылу қысымының төмендігі бойынша, дүйсенбі күні аталған үй жауапты мамандармен бірге толығымен тексеріледі.