Түркістан облысы отбасын құрудан көш бастап тұр

0
1 369

Қазақстанда отбасын құратындардың саны ең аз өңірлер аталды


Түркістан облысы отбасын құрудан көш бастап тұр

ERNUR.KZ. Қазақстанда отбасын құратындардың саны ең аз өңірлер аталды, деп жазады Tengrinews.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстары қазақстандықтардың үйлену және тұрмысқа шығуына асықпайтын үш өңір болып тіркелді. 2018 жылдың басынан бері СҚО-да тұрмыс құрған отбасының саны - 2851 жұп, Ақмола облысында - 3 670, Батыс Қазақстан облысында - 3 700 жұп.

Ең көп тұрмыс құратын өңірлердің ішіне Түркістан облысы кірген - 15 269. Екінші орынды Алматы қаласы иеленді. Бұл жерде 12 743 жұп тұрмыс құрған, ал үшінші орында Алматы облысы, жыл басынан бері 10 476 неке қиылған.

Төртінші орында астаналық тұрғындар - 8891 жұп отбасын құрған. Одан кейінгі орында Қарағанды (8 282), Шығыс Қазақстан (7 399), Жамбыл (5 940), Ақтөбе (4 977), Қостанай (4 366) және Қызылорда (4 280) облысы тұр. Маңғыстау облысында 4 155 жұп некесін қиса, Павлодарда - 4 140 және Атырау облсында 3 797 жұп отбасын құрған.

Астаналық танысу клубының жетекшісі Наталья Терещенко оңтүстікте неке қиюдың жиі болуын халықтың тығыздығымен және қолайлы жылы ауа райымен түсіндірді.

"Аталған өңірлерде тұрмысты аз құруының себебін барлық қазақстандық Астанаға көшіп кететінмен түсіндіре аламын. Бұл жерде мүмкіндік те көп, жұмыс та көп. Қыз-келіншектер лайықты күйеу іздеп келсе, ер адамдар өмірлік серігін дәл осы жерден кездестіргісі келеді. Кейбір ауылды жерлерде ғаламтор да жоқ. Сондықтан болар, жар немесе күйеу іздеу қиынға соғатыны", - деді "Я и ты" астаналық танысу клубының жетекшісі Наталья Терещенко.

Осыған дейін 2018 жылы егде жаста отау құрғандардың тізімі анықталған еді. Ең егде жастағы жұп болып Батыс Қазақстан облысының тұрғындары құрған. Күйеу баланың жасы 90, ал қалыңдықтың жасы 70 жаста болған.