Түркия чемпионатына қатысқан 11 қазақстандықтың бесеуі жүлдегер атанды

0
648

Еркін әдіспен 100 метрге жүзуден Әділбек Мусин мен Даниела Дю екінші күміс, Даниил Черепанов қола жүлдегер атанды.


Түркия чемпионатына қатысқан 11 қазақстандықтың бесеуі жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Жүзуден Түркияның ашық чемпионатында қатысқан Қазақстан құрамасының бес спортшысы жүлде жеңіп алды, деп жазады vesti.kz.

Еркін әдіспен 100 метрге жүзуден Әділбек Мусин мен Даниела Дю екінші күміс, Даниил Черепанов қола жүлдегер атанды.

50 метрге брасс әдісімен жүзуден Аделаида Пчелинцева екінші келіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Ксения Игнатова 50 метрге шалқалай жүзуден үшінші болып, қола жүлде иеленді.