Түркиядағы зілзаладан кейін Алматыда 250 га аумақтағы құрылыс тоқтатылды

0
2 994

Алматыдағы «Медеу» табиғи саябағы аумағында 45 гектар жер заңсыз берілген.


Түркиядағы зілзаладан кейін Алматыда 250 га аумақтағы құрылыс тоқтатылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Түркиядағы оқиғалардың бедерінде Алматы қаласы прокурорының қарсылығы бойынша таулы аумақта орналасқан 120 телімдегі (250 гектар) заңсыз құрылыстың алды алынды», - делінген жауапта.

Бас прокурордың анықтама ретінде берген мәліметі бойынша, Қарғалы шағынауданындағы жалпы ауданы 136 гектар болатын 103 жер учаскесінде, Бутаковка ауданындағы жалпы ауданы 44 гектар болатын 11 учаскеде, Обсерватория көшесіндегі аумағы 4 гектар болатын 6 учаскеде құрылыс тоқтатылған.

«Сондай-ақ «Медеу» табиғи саябағының аумағынан үшінші тұлғаларға 45 гектар болатын жер телімдерін заңсыз шығарып беру фактілері әшкереленді. Бұл заңсыздықтар бойынша Алматы қаласы прокуратурасы жер пайдалануға берілген құжаттардың күшін жою туралы 10 талап-арыз енгізді», - деп жазады Берік Асылов.