Түрмеде тұтқындарды қинап жатыр: Ішкі істер министрлігі жағдайды түсіндірді

0
633

Сотталғандар күн сайынғы таксофондық қоңырауға құқылы және оларға қатысты заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда өтініш бере алады.


Түрмеде тұтқындарды қинап жатыр: Ішкі істер министрлігі жағдайды түсіндірді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы Жанат Ешмағамбетов қазақстандық колониялардағы азаптаулар туралы арыздар мен шағымдардың саны және департамент тарапынан қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

ҚАЖК төрағасы азаптау фактілері туралы айта келе, соңғы уақытта сотталғандардың құқықтарының бұзылғаны және азаптаулар туралы тікелей құқық қорғаушыларға немесе қадағалау және тергеу органдарына шағымдануы үшін департамент тарапынан бірқатар шаралар қабылданғанын, түзеу мекемелері әкімшілігі қызметкерлерінің цензураны айналып өту мүмкіндігін азайтты.

"Біз қоғамдық бақылау комиссияларымен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Олар кез келген уақытта біздің мекемелерге еркін кіруге құқылы. Олар сотталғандармен құпия кездесіп, олардан арыздар мен шағымдарын іріктеп алып, бізге немесе басқа да құқық қорғау органдарына жіберуге құқылы. Біз прокуратурамен де тығыз қарым-қатынастамыз: олар нақты қадағалау жүргізеді", – деді Жанат Ешмағамбетов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, колонияларда электронды терминалдар орнатылған, олар арқылы сотталғандар цензураны айналып өтіп, прокуратураға немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тікелей шағым түсіре алады. Сондай-ақ сотталғандар күн сайынғы таксофондық қоңырауға құқылы және оларға қатысты заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда өтініш бере алады.

"Қоғам қайраткерлерімен бірлесіп атқарған іс-шаралардың нәтижесінде елімізде азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер саны жыл сайын азайып келеді деп айта аламын, егер сотталған қызметкерлер туралы айтатын болсақ, биылғы жылы олардың жетеуі оқиғаға қатысты болды. 2019 жылғы Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық сот процесі жүріп жатыр", - деді Ешмағамбетов.

Сонымен бірге ол сотталғандарды ұстайтын ортаның қайшылықты болуы мүмкін екендігіне назар аударды. Бас бостандығынан айыру орындарында бостандықта жүрсе де жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтамаған және қылмыс жасаған адамдар бар. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 93%-ға жуығы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар, 45%-ы бұрын сотталғандар.

"Ал егер тәрбиелік ықпал ету шараларының нәтижесінде сотталғандардың көпшілігі түзеу жолына түссе, адал еңбек етсе, қоғамдық пайдалы байланыстарды сақтаса, яғни сотталғандардың белгілі бір санаты рецидивистер, бұрын сотталғандар болса – шамамен 7-8% келіспейтіндер түрлі заң бұзушылықтарға жол беріп, әлеуметтік желілердің, жекелеген құқық қорғаушылардың және БАҚ-тың мүмкіндіктерін пайдаланып, азаптаулар туралы негізсіз немесе әдейі жалған хабарламалар жариялау арқылы әкімшілікке қысым көрсетуде", - деп түсіндірді ҚАЖК басшысы.

Жалпы, Ешмағамбетовтың айтуынша, биылғы жылы сотталғандардан түскен 800 өтініштің 65-і бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Олардың барлығын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері жүргізеді, бұл ҚАЖК-ге ешқандай тәуелді емес, бұл тергеулердің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.