Түрмеде жазасын өтеушілерге жақындарымен жүздесуге уақытша тыйым салынды

0
739

Жазасын өтеушілер осыған дейін күндіз жұмысына барып, кешке жабық мекемеде түнейтін. Қазір оларды да сыртқа шығармайды.


Түрмеде жазасын өтеушілерге жақындарымен жүздесуге уақытша тыйым салынды

Төтенше жағдайға байланысты түрмеде жазасын өтеушілерге жақындарымен жүздесуге тыйым салынған. Елде болған бүліктен кейінгі жағдай реттелмейінше, сотталғандардың сәлем-сауқат алуына шектеу қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбедегі уақытша қамау изоляторына келгендер ішке кіре алмай кетіп жатыр. Өйткені мұнда да шектеу қойылған. Ал қоныс колониясындағылар бұрынғыдай күндіз еркін жүре алмайды. Жазасын өтеушілер осыған дейін күндіз жұмысына барып, кешке жабық мекемеде түнейтін. Қазір оларды да сыртқа шығармайды.

Қылмыстық атқару жүйесіндегілер сотталғандардың телефон, не видео байланысқа шығуын заңға сәйкес шектеп отырғанын айтады. Ал демалыста жүрген қызметкерлердің барлығын төтенше жағдайға байланысты жұмысқа қайта шақырып алған.

"Сәлемдеме, бандероль жіберуге, туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесу уақытша шектелді. Сонымен қатар қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің шегінен тыс жерде кәсіпорындарда жұмыс жасайтын сотталғандар жұмыс орындарынан шақыртылады", - дейді Ақтөбе облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Елеуов.