Төлемді қолма-беруге тыйым салынған.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Қазақстан түрмелерінде жазасын өтеп жатқан 867 зейнет жасындағы қариялар мен мүгедектер әлеуметтік төлемдер алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ал, қанша көпбалалы ананың әлеуметтік төлем алып отырғаны белгісіз, себебі ол бойынша есеп жүргізілмейді.
«Сотталған зейнетке шыққан кезде мекеме қызметкерлері барлық қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес төлемдерді тағайындау үшін құзыретті органдарға жібереді», - деді ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Azattyq Rýhy-ның сауалына жауап беріп.
Сотталғандар зейнетақы мен жәрдемақыларыларын қолма-қол ала алмайды.
«Ақша қаражаты (зейнетақы және жәрдемақы) сотталғандардың жеке есепшотына аударылады, олар оны өтініш бойынша пайдалана алады. Мекемелерде қолма-қол ақшаны қолдануға тыйым салынған», - делінген құзіретті орган берген жауапта.